ММ «Качиры балалар үйі» тәрбиеленушілерінің Жаңабет ауылына барып қойған концерті туралы ақпарат

2015 жылдың мамырдың 19 күні Качир балалар үйінің тәрбиеленушілері Бобровка ауылдық округінің Жаңабет ауылында қонақта болып қайтты. Жергілікті ауылдың тұрғындарымен кездесу Мәдениет қызметкерлерінің мерекесінің қарсанында өтті. Осыған орай балалар ауыл тұрғындарына сыйлық ретінде би және музыкалық нөмірлерін әзірлеген еді. Концерттік бағдарламаның шымылдығын «Той» атты домбыра ансамблі орындауындағы композициясымен ашты.

Балалар қазақ халық және заманауи билерді орындады, қазақ пен татар тілінде өлең айтты. «Сұлу» би тобы мен Жаңабеттік шағын орталық бөбектері өз өнерлерімен бізді де таң қалдырды. Риза болған ауылдықтар жас өнерпаздарды жылы қарсы алып, қошеметке бөледі. Концерттің соңында өзінің педогогикалық қызметін осы Бобровка мектебінен бастаған балалар үйінің директоры -Ү.М. Қабышева сөз сөйледі. Бобровска ауылдық округінің әкімі Умаров Руслан Жумабаевич балаларға тамаша концерт үшін алғысын білдіріп, «Говорящая карта мира» атты дамытушы ойынды сыйға тартты. Мектеп пен шағын орталық ұжымы да балаларға дамытушы ойындар мен тәтті сыйлықтарды сыйлап қалыс қалмады. Кездесудің жалғасы дастарқан басындағы достық қарым-қатынасқа ұласты.

                                                                                                      ДТЖО: И. К. Слободенюк