Жас олимпиадашылар

2015 жылдың 28 сәуірінен - 15 мамыры аралығында Мичурин балалар үйінде облыстың балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында Шағын олимпиадалық ойындар өтті.  Ойындардың өткізілуінің мақсаты дене тәрбиесіне және салауатты өмір салтына балалардың қызығушылықтарын арттыру болды. Ерік-жігерлік қасиеттерін, командалық рухтарын және достық қолдауды сезінуге тәрбиелеу. Жеңіске ұмтылысты және өз күшіне деген сенімділікті дамыту.


Ойынға Павлодар облысының жанұялық типтегі үйлер мен балалар үйлерінің командалары қатысты. 28 сәуірде болған бірінші кезеңде қыздар арасында волейболдан, ұлдар арасында баскетболдан және үстел теннисінен жарыстар өтті. Теннисшілер лайықты ойын көрсетті. Мухаметжанова Лаура және Газина Зарина жеке және командалық есепте бірінші орынды иеленді. Зайцев Тимофей және Талпа Виталя – 3 орынды иеленді. Екінші кезең ойындарының бағдарламасында спорттың үш түрі: футбол, тоғызқұмалақ және Президенттік көпсайыс өткізілді.
Качир балалар үйі командасы ойындардың барлық түрлеріне қатысты және жақсы нәтижелер көрсетті. Президенттік көпсайыстан біздің қыздарға ешкім тең келмеді. Мухаметжанова Лаура және Газина Зарина, сәйкесінше 1 және 2 орындарды иеленіп, қарсыластарына шаң қаптырды . Тюлюбаев Василий ұлдар арасында ең жақсысы болды. Президенттік көпсайыс бойынша командалық 1 орын ,сондай-ақ біздің қыздар мен ұлдардың еншісінде кетті. Тоғызқұмалақ пен футболдан балалар күшті үштікке кірмеді, бірақ, лайықты қарсыластармен болған ойында тәжірибе жинап, өз күштерін бағалады.

11-і Шағын олимпиадалық ойындардың екі кезеңінің нәтижелері бойынша қыздар мен ұлдар командасы Павлодар облысының жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 12 білім беру ұйымдары арасында 4 орынды еншіледі. Егер біздің тәрбиеленушілер, қатысушылар арасында ең кішісі болғанын ескеретін болсақ, жеткен жетістіктеріміз жаман деуге келмейді.

                                                                     ДТЖО: Слободенюк И. К.